255
Петербургте террористік күдікпен жетінші адамды ұстады
Петербургте террористік күдікпен жетінші адамды ұстады
Санкт-Петербург қаласында террористік қызметпен шұғылданды деген күдікпен жеті адам ұсталған. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің ресми сайтында хабарланды. Комитет мәліметі бойынша, ұсталған күдіктілердің барлығы - Орталық Азия тумасы.
Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған күдіктілер 2015 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін Орталық Азия республикаларынан келгендерді террористік қылмыстар жасауға үгіттеп, "Джебхат ан-Нусра", "Ислам мемлекеті" террористік ұйымдарына тартқан. Бұған қоса, олар адамдарды басқа да заңсыз қарулы құрылымдарға тартуға талпынған.
Қазіргі таңда оларды қамауда ұстау және айып тағу мәселелері шешіліп жатыр, делінген РФ Тергеу комитетінің хабарламасында.
Бұған дейін комитет Петербург метросындағы вагонды 1995 жылы туған Ресей азаматы Акбаржон Джалилов жасады деп хабарлаған еді. Метродағы жарылыс 3 сәуірде тіркелді. Шабуылдан 14 адам қаза тапты, 55 адам жараланды.