Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

/
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, елімізде дәрі-дәрмектердің бағасы едәуір арзандайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шекті бағаға қосылатын бірқатар үстемеақылар алынып тасталды. Олардың қатарында: маркетингтік шығындар, көліктік шығындар, кедендік үстемеақылар.

 «Дәрілік заттардың шекті бағасын белгілеу моделі өзгертілді. Бұрын шекті бағаларға енгізілген, негізсіз деп танылған кейбір үстемеақылар алып тасталды. 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық дәрі-дәрмектер бойынша қайта есептеу жүргізіледі. Қазіргі таңда фармацевтикалық қоғамдастықпен көрсетілген моделді сынақтан өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біз ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрі-дәрмектің бағасы шамамен 19%-ға, ал көтерме-бөлшек саудадағы баға шамамен 30%-ға төмендейді деп күтудеміз», – деді Ержан Нұрлыбаев.

Шекті бағаны реттеу тетігі қайта қаралғаннан кейін дәрі-дәрмектің бағасы халық үшін тегін тізбеде де (емханалар мен стационарлар арқылы), бөлшек дәріханаларда да барынша қолжетімді болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары