Қырық жастан кейін өмірге бала әкелу үшін биологиялық материал беру оңай емес – Баян Алагөзова

/
Қырық жастан кейін өмірге бала әкелу үшін биологиялық материал беру оңай емес – Баян Алагөзова
Әлеуметтік желі

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің үлкен қызы Айсәулеге сұхбат беріп, қырық жастан кейін суррогат анаға бала таптыру үшін биологиялық материал беру оңай емес екенін айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Биологиялық ата-ана деген түсінік бар. Әйелдің аналық жасушасы мен ер адамның аталық ұрығы алынады. Ол ерлерде оңай, бес минутта жасалады. Ал әйелдерді дайындау керек. 35 жасқа дейін оңай. Ал егер жасың қырықтан асқан болса бұл процесс оңай емес, ұзаққа созылады. Ауырады. Бірақ ол саған қажет болса шыдауға болады», - дейді продюсер.

Айта кетейік, Баян Алагөзова 50 жасында егіз екі қыздың анасы атанған болатын. Қыздарын суррогат аналар өмірге әкелген.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары