Алматыда 7 қабаттан құлап, жұмбақ жағдайда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Хамит әлеуметтік желідегі жеке парақшасында видеүндеу жариялады.
«Дидар Мұқият Руслан Өтепбайға берген сұхбатында бетіне маска киіп алып, сол жерге барып Руслан Өтепбайдың сұрақтарына жауап берді. Желіні шулатқан ол подкастты бәріңіз көрдіңіздер. Оған бәріңіз жан-жақтылы құқықтық баға бердіңіздер. Кешеден бері желіде Рана Асқар және көзіне қара очкиін тағып, өзінің бетін бұлдырлатып, желіге шығып, ол да өзінің айтуға тиіс ақталуларын айтып жатыр. Әрине, олардың ақталуға құқы бар. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, адам құқық шеңберінде белгіленген, өздерін объективті, дұрыс тұрғыдан ақтап алуына әрин, мен қарсы емеспін. Бірақ айтып жатқан сөздеріне келетін болсам, екеуі де құдды бір тергеушіні қалтасына салып алған сияқты айтады. Мысалы, Дидар Мұқияттың Руслан Өтепбайға берген сұхбатында өз адвокатына хабарласқаны, ағасы арқылы таңғы сағат 4-те адвокаттың ол орынға келіп жеткені, бүркіт қойылған болса да, үш айға тергеуден қашып, шетелге шығып кетіп, қайта келе жатып, шекарадан өте алмай тұрғаны туралы, «Бұл дерек жабылған деген едіңіздер ғой? Неліктен жабылмады?» деген сұрақтары, адвокатының «Мен оны тергеушіден сұрап көрейін?» деп қайта жауап бергені секілді диалогтары үлкен күмән тудырады», – дейді Гүлстан Хамит.
Ақнәрдің анасы кеше желіге видеосы таралған екінші қыз – Рана Асқардың айтқандарына да қатысты өз ойын жеткізді.
«Раноның айтқан сұхбатында «Ақнәрдің жоғалан заттары диванның қасында тұр деп тергеушіге толық тапсырып кеттім» дейді. Ал мен Ақнәрдің заттарын күні бүгінге дейін таппай жүрмін. Банк карталары, сол кезде болған қолма-қол ақшасы, косметика, зергер бұйымдары мен апарған заттары. Сонда ол заттардың күні бүгінге дейін табылмағанына қарағанда оны тергеуші ұрлады ма, әлде осы істің басы-қасында болған екі қыз ұрлады ма? Одан кейін Рана сөзінде айтады, "мен тергеушіден сұрадым Ақнәрдің денесінде құлағанға дейін адамнан болған зақым болмаған" дейді. Сонда тергеуші сендер зақым келтірмедіңдер, ондай сөз жазылмаған деп қалай жауап беріп отыр? Бұл жерде өте күмәнді, күдікті, адам ойландыратын іс көп. Бірақ қандай болғанда да осы істің басындағы екі қыз тергеушілермен, құқық қорғау органдарымен қандай байланыста болғанын өздері арттарын ашып жатыр. Сосын Рана "Ақнәр менің анамды боқтады, мен сосын аузын жаптым деген секілді әңгіме айтып жатыр. Бұл жерде Рана өзінің ашуға берілгенін, Ақнәрді ұрып-соққанын, оны азаптап, өлтіріп, терезеден лақтырып жібергенін өзі мойындап тұр», – дейді Гүлстан Хамит.
Ашуға булыққан ана екі қыздың да заң аясында ақталғанына қарсы емес екенін айтады.
«Шындық қашан да ащы. Ақталатын болса екі қыз бетіндегі маскасын, көзіндегі көзілдірігін шешіп, нақты, заңды сауатты түрде ақталсын. Өлген адамды қаралау – ҚР заңнамасына қайшы», – дейді Гүлстан Хамит.