«Маркетологым – Алла ғой»: Ақтауда тегін балмұздақ таратқан Роза Рымбаева неліктен акцияға көп адам келгенін түсіндірді

/
«Маркетологым – Алла ғой»: Ақтауда тегін балмұздақ таратқан Роза Рымбаева неліктен акцияға көп адам келгенін түсіндірді
коллаж: turkystan.kz

Ақтауда тегін балмұздақ таратып, тұрғындар арасында дүрбелең тудырған балалар киімі дүкенінің иесі, кәсіпкер Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жариялады.

«Сол черный пиар дегенді көрмеген стресске түсіп кете жаздап, апам бір сілкіп алды. Сенікі жай ма деп. Бірақ шындыққа тура қарайық, менен басқа дүкендерде балмұздақ береміз, анау-мынау деп шақырыпты. Тіпті бір пабликтерге 300-400 000 ақша төлеп, реклама салған. Олардың өздеріне 100-ге жетпейтін халық келген. Біз тек 1-ақ видео шығардық 30.05 күні. Маркетолог кім дейді, бізде ондай маман да жоқ. Маркетологым – Алла ғой. 1 видеомнан 2 000 адам жиып берген.

Бір жағынан халқым артымда тұрғанда қуаныш сезім де бар. Бір жағынан ойлағанымдай болмағасын көңіл күйім түсіп жүргені де бар. Бірақ 1 ғана факт – балмұздақ болса басқа ашылу салтанаты сыйлық десін осынша халықты жинау мүмкін емес. Қаншама халық тұрмай кетіп қалды, себебі арты, қапталы, алды лық толы болды. Тіпті пробка болды жол», – дейді кәсіпкер.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары