Әлеуметтік желіде марқұм Ақнәр Хамиттің шыңғырып, айғайлап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл видео «Жастар» жатақханасында түсірілген. Қолда бар ақпарат бойынша бұған дейін де Ақнәрдің жағдайы нашарлаған. Талмаға ұқсайды. Бұл видео біреуді айыптау немесе ақтау мақсатында емес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жарияланып отыр. Құзырлы органдар жағдайды объективті қарайды деп үміттенеміз», - деп жазған видеоны жариялаған автор.
Айта кетейік, кеше марқұм Ақнәрмен пәтерде бірге болған екінші қыз - Рана мәлімдеме жасап, болған жағдайға қатысты өз нұсқасын айтып берген болатын.