Боснияда жүрген қазақ қызы Абайдың бүлінген бюстін жуып шықты (ВИДЕО)

/
Боснияда жүрген қазақ қызы Абайдың бүлінген бюстін жуып шықты (ВИДЕО)

Журналист Әсем Жапишева Босния мен Герцеговинаның астанасында орналасқан Абай Құнанбайұлының ескерткіші тазартып тұруды қажет ететінін айтты, деп хабарлады

Ол әбден кірлеген бюстті жуып-шайып, тазартып шыққан.

«Бүгін Босниядағы соңғы күнім. Қаланың қақ ортасында тұрған Абайдың мүсіні қандай хәлде екенін көріп, шынымды айтсам, намыстанып кеттім. Сөйтіп жуып тастағым келді», - деді Әсем Жапишева.

Еске салсақ, қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының бюстін белгілі босниялық мүсінші, Босния мен Герцеговина Жоғары қолданбалы өнер мектебінің профессоры және Халықаралық марапаттардың лауреаты Стиепо Гаврич жасаған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары