Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары алдағы кездесулеріне дайындалып жатыр. Әртүрлі елдің чемпионаттарында доп тебетін ойыншылар бір-бірімен кездесуде, деп жазды turkystan.kz.
Бір қонақ үйге орналасқан футболшылардың жарасымды қалжыңдарын Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде бөліскен. Жарияланған кезекті видеода Максим Самородов «Қайраттың» жас футболшысы Дастан Сәтпаевқа «тиіскен».
«Дастанға енді «Ақтөбеге» бұндай гол соқпасын дегенді айту үшін әдейі төменге түстім. Қалжыңдаймын, әрине! Жарайсың! Құттықтаймын!», - деді Максим Самородов жоғарғы қабаттан бірінші қабатқа түсіп келе жатып.
Еске салайық, жақында ғана «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы кездесуде шабуылшы Д. Сәтпаев соққан гол алматылық клубқа жеңіс сыйлаған еді.