Оқиға Ақтауда 1 маусым күні таңертең болған. Белгісіз біреу 7-шағынауданда тұрған Toyota автокөлігінің алдыңғы әйнегін кірпішпен сындырып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік иесі көлігінің әйнегін кім сындырып кеткенін білмейді. Дабыл қосылғаннан кейін терезеден қарағанда автокөліктің үстінде жатқан кірпішті көрген. Көліктің қасында ешкім болмаған. Бұзақы көзден таса болған, ал аулада бейнебақылау камералары болмаған.
Оқиға орнына шақыртылған полицейлер көршілес үйлердің бейнебақылау жазбаларын тексеруге уәде берген. Алайда қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты нақты ақпарат жоқ.