УЕФА-ның техникалық бақылаушылары биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топ-10 голын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған дерекке сүйенсек, «Барселона» вингері Ламин Ямальдің «Интерге» қарсы жартылай финалдың бірінші кездесуінде дриблинг жасау арқылы соққан голы көш басында тұр. Екінші орында «Интер» капитаны Лаутаро Мартинестің «Баварияның» өз алаңында тепкен голы тұрса, үздік үштікті «Арсенал» ойыншысы Деклан Райстың ширек финалдағы «Реалға» қарсы ойында айып алаңынан салған екінші голы түйіндейді.
2024-2025 маусымдағы Чемпиондар Лиасының топ-10 голы:
1. Ламин Ямаль ("Барселона" - "Интер" 3:3) – бірінші кездесу 1/2 финал, 30.04.25
2. Лаутаро Мартинес ("Бавария" - "Интер" 1:2) – бірінші кездесу 1/4 финал, 08.04.25
3. Деклан Райс ("Арсенал" - "Реал" 3:0) – бірінші кездесу 1/4 финал, 08.04.25
4. Килиан Мбаппе ("Реал" - "Манчестер Сити" 3:1) – қарымта ойын, 19.02.25
5. Винисиус Жуниор ("Реал" - "Боруссия" Дортмунд 5:2) – тур 3, 22.10.24
6. Маркюс Тюрам ("Барселона" - "Интер" 3:3) – бірінші кездесу 1/2 финал, 30.04.25
7. Зено Дебаст ("Спортинг" - "Лилль" 2:0) – 1 тур, 17.09.24
8. Эрлинг Холанн ("Манчестер Сити" - "Спарта" Прага 5:0) – 3 тур, 23.10.24
9. Ламин Ямаль ("Барселона" - "Бенфика" 3:1) – қарымта кездесу, 1/8 финал, 11.03.25
10. Хулиан Альварес ("Реал" - "Атлетико" 2:1) – бірінші кездесу 1/8 финал, 04.03.25