Журналист Гүлмира Әбіқай марқұм Ақнәр Хамитті белгісіз бір жігіттің қинап жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін әлгі Рано деген қыз 31 минут 36 секундтық видео жариялады. Мұнда ол марқұм Ақнәрмен қалай танысқанынан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін бар ақиқатты айттым деп отыр. Сөздерін құжат, дәйекпен растаған. Осыған дейін Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланған бұл тақырып енді орыс тіліне аударылып беріліпті. Не болып кетті өзі? Видеоны толық телеграмнан кім көрді? Не дейсіз?»,-деп жазды журналист.