Тегін балмұздақ таратқан Роза Рымбаева жауапқа тартылды (ВИДЕО)

/
Тегін балмұздақ таратқан Роза Рымбаева жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Ақтауда тегін балмұздақ таратып, тұрғындар арасында дүрбелең тудырған кәсіпкер Роза Рымбаева әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған. Салдарынан тегін таратылған балмұздаққа таласқан ересектер бір-бірін таптай жаздаған.

«1 маусымда Ақтау қаласындағы «Abu Baby» балалар киім дүкені азық-түлік пен сыйлықтарды тегін тарату бойынша іс-шара ұйымдастырды. Аталған шара жергілікті атқарушы органға алдын-ала хабарламай және келісім алмай өткізілген. Салдарынан адамдар көп жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылды», - деп жазылған хабарламада.

Дүкен иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1-бабына сәйкес (қоғамдық іс-шараны хабарламай не келісім алмай өткізу) 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімдік азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шара, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет екенін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары