Шахтёр клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

/
Шахтёр клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
Ашық дереккөзден

Түркия футболының аты аңызға айналған ойыншысы Арда Туран жаттықтырушылық мансабында жаңа белесті бағындырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы penalty.kz жазды.

Ол Донецкінің "Шахтёр" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.

Арда Туран бапкер ретінде жұмысын 2023 жылы "Эюпспор" клубында бастады. Ол алғашқы маусымда-ақ командасын Түркия Суперлигаларына алғаш рет шығарып, ел назарын өзіне аударды.

Кейінгі маусымды алтыншы орынмен аяқтаған ұжым еурокубок жолдамасынан небәрі бір ұпайға қалып қойды. Бұл нәтиже Туранның бапкерлік әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары