2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Алакөл көліне жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына жеті рейс орындалады. Бір жаққа жол жүру құны – 20 мың теңге.
Аталған әуе рейстері субсидияланатын болғандықтан, билеттер қолжетімді бағамен сатылымға шығарылды.