Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов жары Нұржамал Үсенбаевамен «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі алғашқы әнін 12 жасында досының жанында серуендеп жүргенде шығарған.
«Алғашқы әнімді баянмен жазғанмын. Ол кезде әуеқой адам едім. Композитор боламын деген ойымда болған жоқ, түсіме де кірмеген. Бала кезде досым бір қызды шығарып салды. Мен қасында серуендеп жүргенде шабыт беріп, алғашқы әнімді 12 жасымда жазғанмын.
Маған Алла Тағаланың берген жақсы қасиеті – ішімде ұйықтап жатқан қабілет жарқ етіп оянып, маған композитор болуға жол сілтегендей», – деді композитор.