«Менің Қыз Жібегім осындай болуы керек»: Нұржамал Үсенбаева өміріндегі ең қымбат сәт туралы айтты

/
«Менің Қыз Жібегім осындай болуы керек»: Нұржамал Үсенбаева өміріндегі ең қымбат сәт туралы айтты

Нұржамал Үсенбаева жолдасы Төлеген Мұхамеджановпен «1001 түн» студиясында қонақ болып, өміріндегі әсерлі сәті туралы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі Ғабит Мүсіреповтің батасын алғанын мәлім етті.

«Студент кезімде «Абай» опера театрының 50 жылдығына орай қойылған «Қыз Жібек» операсына қатысып, басты кейіпкердің партиясын орындадым. Бірнеше әншінің ішінен мені таңдады. Сол сәтте басыма бақ құсы қонған шығар. Мен үшін ең қымбат сәт – залда көрермендер қатарында Ғабит Мүсіреповтің өзі отырды. Спектакль аяқталған соң бәрімізді құттықтап, маңдайымнан сүйіп, «менің Қыз Жібегім» осындай болуы керек», - деп өз батасын берді», - дейді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары