Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда өткен Қырғызстанға қарсы екінші жолдастық матчта жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Орталық стадионда өткен ойында Қазақстан W құрамасы 2:1 есебімен басым түсті. Біздің құрама сапынан Әмина Бибосынова мен Томирис Рахатжан гол соқты. Ал Қырғызстан W құрамасынан Нагима Туралиева көзге түсті.
Капитан рөлін алғаш рет Әмина Бибосынова атқарды. Ал Ұлттық құрама сапында 9 бірдей ойыншы дебют жасады. Олар: Әсел Әнуарбек, Тоғжан Бекпенбет, Аделия Бекқожина, Нұрсая Сұлтан, Әсел Жолболат, Карина Ботабек, Антастасия Тян, Жансезім Айсапар және Ару Ермағамбетова.
Айта кетейік, енді Қазақстан W құрамасын Ұлттар лигасының шешуші матчтары күтіп тұр. 30 мамырда біздің қыздар Лихтенштейнмен, ал 3 маусымда Люксембургпен Алматыда кездеседі.