Әлеуметтік желіде қыздарға пранк жасаймыз деген бір топ жігіттің видеосы сынға ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.
Видеода бақтағы орындықта отырған қыз баланы екі-үш жігіт келіп қоршап алады. Оны байқаған әже жігіттерге келіп ұрсып жөнеледі. «Қызда нелерің бар, ары тұрыңдар», деп жігіттерді итергіле бастайды. Сол кезде артқы жағынан бір жігіт келіп қыз бен әжеге гүл ұсынады. Әжеге көмекке келгені үшін алғыс айтып жатады.
Алайда көшеде қыздарға тиісіп пранк жасағандар қызу талқыға ұшырады.
Желі қолданушылары: “Қазақтарға өтпейді бұндай”, “Қыздарды қашанғы қорқыта бересіңдер”, “Апам молодец”,- деп жазып жатыр.