Өмірімді ата-енеге қызмет етумен өткізе алмаймын – танымал блогер

/
Өмірімді ата-енеге қызмет етумен өткізе алмаймын – танымал блогер
instagram.com/bota_mia/

Бота Миа лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрахын Taboo бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі мен келіндік міндеттерге деген көзқарасы туралы айтты, деп жазады turkystan.kz.

– Жігітіме «барып, ата-анаңмен тұрып, өмірімді ата-енеге қызмет етумен өткізе алмаймын» деп бірден айттым. Бірге тұрғанда келіспеушіліктер болады. Отбасы болғаннан кейін жастар жаңа отау құруы керек. Жаңа үй, бөлек әлем болуың керек. Үйленгеннен кейін ата-анаңа барып тұрам, апта сайын, аптасына екі рет барып, тамақтарын жасап, қал-жағдайларын біліп тұрамын. Түскеннен кейін бір ай сол үйде боламын, басыма орамал саламын, қонақтарын күтемін. Мен ол жұмыстан қашпаймын. Анаңның асты-үстіне түсіп, көңілін табуға қарсы емеспін. Бірақ ол жақта тұрып, бүкіл еңбегімді еш етіп, өмірімді ата-енеге қызмет етіп өткізе алмаймын. Ол мен емес. Болашақ жарым үйде отырып, ата-анама қызмет жасауы керек десең, мен саған келмеймін деп бірден айттым, – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары