Алматыда көп қабатты тұрғын үйден құлап қаза тапқан Ақнәр Хамитпен сол күні пәтерге бірге болған екі қыздың бірі сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар журналист Руслан Өтепбайды өздері іздеп тауып, өздері келіп, маска киіп отырып сұхбат берген.
«Атым Дидар. Қытай Республикасының азаматымын», - дейді бойжеткен.
Ал журналистің «Болған жағдайда сіз ақсыз ба?» деген сұрағына, «Иә, ақпын» деп жауап берді.
Журналистің «Онда неге маска киесіз?» деген сұрағына өзінің бетін халыққа көрсеткісі келмейтінін айтқан.
Айтуынша Ақнәрдің құлағанын немесе өзі секіріп кеткенін өз көзімен көрмеген.
«Өзі секірді деп ойлаймын», - деп жауап берген.