Германияның Гамбург вокзалында әйел адам пышақпен 12 адамды жарақаттаған

/
Германияның Гамбург вокзалында әйел адам пышақпен 12 адамды жарақаттаған

Гамбург қаласының орталық вокзалында пышақпен жасалған шабуыл салдарынан  12 адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Bild басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Германияның федералды полициясы күдікті әйелді ұстаған. Гамбург полициясы қаланың басты теміржол вокзалында пышақпен шабуыл болғанын растады.

"Күдікті полиция тарапынан ұсталды", – деп хабарлады жергілікті құқық қорғау органдары.

Федералды полицияның дерегіне сәйкес, оқиға жергілікті уақытпен сағат 18:00 шамасында 13-ші және 14-ші жолақ арасындағы платформада болған.

Алғашында сегіз адам зардап шекті делінген.

Қазіргі уақытта Гамбургтің басты вокзалында пойыз қозғалысы тоқтатылған. Жақын маңдағы көшелер жабылды. Оқиға орнында көптеген полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеуде.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары