Ақтөбе облысында 5 жастағы бала Елек өзеніне батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға 18 мамыр күні «Семейный» демалыс базасында болған. 5 жастағы бала үлкендермен бірге отбасылық демалысқа келген.
«Баланың денесін сүңгуірлер өзен жағасынан 5 метр жерде, 2 метр тереңдіктен алып шықты», - деді Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖМ суға түсу маусымында сақ болуға шақырады. Суға түсуге тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын ескертеді. Сондай-ақ балаларды қадағалау қажеттігін еске салады.