Танымал ақын, медиа маман Мұхамеджан Тазабек Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жақында қызын ұзатқан Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жайлы сөз қозғады.
"Елдос Сметов - күйеу балам. Туған қарындасымның қызын алып отыр", - деді Мұхамеджан Тазабек.
Сонымен қатар, айтыскер ақын Бекболат Тілеуханмен де туыстық қатынасы барын жасырмады. Бекболат Тілеуханның әпкесінің қызы Тазабектер әулетінің келіні екені белгілі болды.
Айта кетейік, Мұхамеджан Тазабеков үлкен той жасаған болатын.