Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

/
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
istockphoto.com

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісі 22 мамыр күні сағат 07:37-де (Қазақстан уақыты бойынша) тіркелді. Магнитудасы – 3,2.

Зілзаланың эпицентрі келесі координаттарда орналасқан: ендігі 39.50 N, бойлығы 51.76 E.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары