Павлодарда 68 жастағы әйел күйеуіне пышақ сұғып өлтірген

/
Павлодарда 68 жастағы әйел күйеуіне пышақ сұғып өлтірген
istockphoto.com

Павлодар облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 2025 жылдың 8 ақпанында болған. Павлодар облысы, Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылындағы үйінде 68 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуіне пышақ сұғып алған. Сол күні күйеуінің ішімдік ішіп отырғанын көріп, ренішін білдірген. Екеуінің арасында жанжан туындап, соңында әйел қолына асхана пышағын алып, күйеуінің сол жақ кеуде тұсына сұғып алған. Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Сотта жәбірленуші ретінде танылған марқұмның ұлы әйелді ақтауды сұраған.  

Сот үкімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары