Қызылорда қаласының тумасы Арайлым отбасындағы келеңсіз жайттар туралы «Тату-тәтті» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Қызылордалық Әлішер мен Арайлым отбасылық өмірде кездесетін қиындықтарды бірге еңсеріп келе жатқан жұп. Оның сөзінше кішкентай ұлының диагнозы бар екен.
«Балаң ұл ма, қыз ба маңызды емес. Ең бастысы денінің сау болғаны. Ата-аналар осыны түсінсе екен. Ал менің қазіргі ең үлкен арманым — ұлымның тезірек сөйлеп, «мама» деп айтуы», - дейді Арайлым.
Баланың ұл немесе қыз болуы маңызды емес, оның дені сау болып туыы маңызды деп атап өтті қызылордалық ана.
«Алматыға барғанда баламды ойнайтын жерге апарғанда бірден танып жатады. Сізде кемшіліктер бар ма деп бірден. Ойын алаңында өздері бірге шақырып, бірден түсінісіп жатамыз. Ал Қызылордада бәрібір басқаша. Бірден балаға басқаша қарап, қоғамнан алшақтатып бастайды. Сол кезде енем төбелесуге дайын тұрады. Әрдайым немересін жақсы көріп, жақтап жүреді», - деді Арайлым.