Қарағандыда екі жастағы бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетті

/
Қарағандыда екі жастағы бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетті
Ашық дереккөзден

Қарағандыда екі жастағы бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 21 мамыр күні Құрылысшылар көшесіндегі тоғыз қабатты үйде болған.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған. Ол терезе маңындағы тақтайға шығып, абайсызда сыртқа құлап кеткен. Салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары