Америкалық әнші Дженнифер Лопес 10 тамыз күні Алматыда екінші концертін өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qogam News Youtube арнасына сілтеме жасап.
«Астана концерт» компаниясының продюсері Малик Хасенов Динара Сәтжанға берген сұхбатында Дженнифер Лопестың Қазақстанда екінші қосымша концерт беруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Ол екінші концертті өткізу идеясы билеттер бірінші Астана концертінде толық сатылып кеткеннен кейін қарастырылғанын атап өтті.
Бүгін сұхбат жарияланған соң, Динара Сәтжан мен Малик Хасенов Instagram-дағы бірлескен жазбасында концерттің міндетті түрде өтетінін хабарлады.