Алматы көшесінде ұятсыз би билеген бір топ қыз қамауға алынды

/
Алматы көшесінде ұятсыз би билеген бір топ қыз қамауға алынды
коллаж: turkystan.kz

Алматыдағы жаяу жүргіншілерге арналған Арбат көшесінде заманауи би билеген бір топ қыздың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, соңы полиция бөлімімен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға High Heels деп аталатын ерекше стильде өнер көрсеткен бишілерге қатысты.

Бишілердің бірі, хореограф Дильназ Ғалымжанова өз парақшасында көшеде түсірілген видеоны бөліскен. Артынша олар полиция бөліміне шақыртылып, қоғамдық орында өнер көрсету тәртібі жайлы түсіндірме алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздар ешқандай құқық бұзушылық жасамаған, сондықтан ұсталмаған. Құқық қорғаушылар олардың әрекетін рұқсат етілмеген қоғамдық іс-шара ретінде бағалап, тек ескерту жасаумен шектелген.

Желі қолданушылары бұл жайтқа байланысты түрлі пікір білдірді. Бірі жастардың креативіне риза болса, енді бірі қоғамдық тәртіпті алға тартты. Кейбір пікірлер былай деп жазылды: «Қыздардың талантына тәнтімін, дегенмен орын таңдау жағынан да ойланып қимылдаған жөн», «Ұрылар креслоға жайғасып жатқанда, бишілер бөлімшеге бара ма?», «Көше – сахна емес, өнердің өз орны болу керек». 

Айта кетсек, High Heels – бірнеше би бағытын біріктіретін ерекше стиль. Ол хип-хоп, джаз, ваакинг пен тверк секілді бағыттардан құралған. Бұл би түрі сахналық шеберлік пен айқын харизманы талап етеді және қазіргі таңда батыс шоу-бизнесінде кең таралған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары