Мысырда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілетін болды

/
Мысырда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге жеткізілетін болды
Instagram/Анвар Шалекенов

Мысыр әуежайында қаза тапқан Қазақстан азаматы Ақмарал Мұқанова мен оның ұлының медициналық сақтандыруы бар, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Сол себепті шетелде көз жұмған қазақстандықтың денесін елге жеткізу шығынын сақтандыру компаниясы мойнына алған.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін бірден марқұмның денесін елге жеткізу шығындарын жабу үшін кепіл берілген қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне байланысты мүрде Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 17 мамыр күні Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлаған. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары