Жапониялық автокөлік өндіруші Nissan өз еліндегі және шетелдегі бірнеше зауытын жабуды жоспарлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Компания Жапониядағы екі өндіріс орнында жұмысын тоқтатпақ. Біріншісі – 1961 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Оппама қаласындағы зауыт. Екінші жабылуы мүмкін нысан – Сенан қаласындағы, Nissan жартылай иелік ететін Nissan Shatai компаниясының зауыты.
Сондай-ақ, оңтайландыру шетелдегі бірнеше кәсіпорындарға да әсер етеді. Компания Оңтүстік Африка, Үндістан, Аргентина және Мексикадағы зауыттарын жабуды жоспарлап отыр. Бұл қадамдар қаржылай қиындықтарға тап болған Nissan-ның шығындарын азайту мақсатында жасалып отыр.