ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Халықаралық туризм және меймандостық университетіне барып, белсенді студент жастармен, спортшылармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесу барысында университет ректоры Әлібек Шоқпаров оқу орнының тыныс-тіршілігі мен студент спортшыларының жетістіктері жөнінде баяндама жасап, білім ордасының даму бағыттарына тоқталды.
Жиын министр Саясат Нұрбектің арнайы дайындаған мазмұнды дәрісімен жалғасты. Онда еліміздің жоғары білім беру жүйесін Орталық Азиядағы жетекші академиялық хабқа айналдыруға бағытталған стратегиялық бастамалар таныстырылды.
Кездесу сұрақ-жауап форматында қорытындыланып, студенттер министрге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.
Саясат Нұрбек Халықаралық туризм және меймандостық университетін аралады
