Елордада «Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды

/
Елордада «Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды
gov.kz

«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын насихаттау мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізіледі.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаты бар әулет таңдалады;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 2-қабат, 220 кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі, эл.пошта: b.kasymov@astana.kz.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары