279
Ембі полигонын жалдау туралы шарт тоқтатылды
Ембі полигонын жалдау туралы шарт тоқтатылды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы ҚР мен РФ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Мемлекет басшысы «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.