Көркем гимнасшылар Азия чемпионатында тағы бір алтын алды

/
Көркем гимнасшылар Азия чемпионатында тағы бір алтын алды
Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Құрлықтық біріншілікте ұлттық құрама топтық жаттығулардың финалында шығыршықта және доппен үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Қазақстандықтар төрешілердің шешімімен 26,65 ұпай жинады. Екінші орын — 25,15 ұпаймен Өзбекстанға, ал үшінші орын — 24,25 ұпаймен Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сондай-ақ команда бес таспамен жаттығу бағдарламасында екінші орынды иеленді. Бұған дейін спортшылар топтық жаттығулардың көпсайысында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, осы чемпионатта Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда алтын, ал жекелей көпсайыста қола медаль жеңіп алды. Ал Айым Мейіржанова ұршықтармен жаттығуда үздік үштікті қорытындылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары