Сингапурдегі Азия Чемпионатында №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы Азия чемпионатының көпсайыс бағдарламасында алтын медальға ие болды.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл - көпсайыстан Азия чемпионатындағы тарихи алтын.
"Команданың жеке бапкері - Балғынбаева Меруерт Төлегенқызы, хореографы - Оспанбаев Шыңғыс Әсетұлы.
Команда құрамында Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Мадина Мырзабай бар.
"Тарихи жеңіс құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!", - делінген комитеттің хабарламасында.