15 мамырға қараған түні Алматыдан 50 шақырым жерді жол апаты болып, бір отбасының мүшелері қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Daewoo автокөлігі белгісіз себептермен қарсы қозғалыс жолағына шығып, басқаруға келмей жолл жиегіне ұшып кеткен. Кейін жазық даладағы ағаш діңгегіне соғылған.
Көлік қатты соққыдан мыжылып, одан әрі далаға қарай бірнеше рет аударылған. Көлік салонында алты адам болған: ерлі-зайыпты және олардың бір жасар баласы. Тағы үш жолаушы жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.
Обылыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «Алматы – Жандосов-Бесмойнақ» тас жолының 53-шақырымында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, онда тап болған кедергіден аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді», – деп түсіндірді полициядағылар.
Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.