«Жағдай қалай болар екен?»: Ләйлә Сұлтанқызы туу көрсеткішінің төмендеп кеткеніне алаңдаулы

/
«Жағдай қалай болар екен?»: Ләйлә Сұлтанқызы туу көрсеткішінің төмендеп кеткеніне алаңдаулы
коллаж: turkystan.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі туу көрсеткішінің төмендеп кетуі жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда елімізде биыл туу көрсеткіші 14 пайызға түскен.

«Балалы болуға асықпайтындар қатары жылдан жылға көбейіп келеді. Неге? Былтырғы алғашқы 3 айы мен биылғы 3 айды салыстырсақ, туу көрсеткіші 14%-ға төмендеді.
Себебі сан-алуан болуы мүмкін, бірақ мұндай төменгі көрсеткіш соңғы рет 2014 жылы болған. Ары қарай осылай жалғаса берсе, жағдай қалай болар екен? Баланың туылуының күрт төмендеуінен кейбір мемлекеттерде балабақша, мектептер жабылып жатқанын еститін едік, бізге де сондай қауіп төнбей ме екен. Неге әке, ана болудан саналы түрде бас тартады екен? Тек қана қаржының жетіспеуі ме? Әй, қайдам олай емес-ау. Осыған дейін бір баланың иісіне зәру қанша жанның көз жасын көрдік. Олар ата-ана бақытын сезіну үшін барын, бәрін беруге дайын. «Мәриям» қоры 40-қа жуық отбасыға көмегін тигізді. Қасымдағы кішкентай қыз Мариям. Қорымызға марқұм ағамның аты өшпесін деп, асылдың сынығы, қызы Мариямның атын берген едік. Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен мәңгі», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары