"Мен үшін абырой бәрінен жоғары": Әйгілі жапон бренді Ресейге мүлде оралмайтынын мәлімдеді

/
"Мен үшін абырой бәрінен жоғары": Әйгілі жапон бренді Ресейге мүлде оралмайтынын мәлімдеді
сурет: Thibault Camus / AP

Жапон киім бренді Uniqlo Ресей нарығына қайта оралмайды. Бұл шешімнің себебі – компанияның ниетінде емес, оның басшысы Тадаси Янаидың бұрын берген уәдесінде жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz vedomosti.ru-ға сілтеме жасап.

"Мен сөз бердім және оны орындаймын, себебі мен үшін абырой – бәрінен жоғары. Біз, мүмкін, қайта оралғымыз келетін де шығар, бірақ қазіргі жағдайда жаңа талаптармен жұмыс істеуге тура келеді, – деді Янай мырза.

Uniqlo 2022 жылы Ресейдегі 49 дүкенін жауып, нарықтан кеткен болатын. 

Бұл сөздің құны — 49 жабылған дүкен мен 125 млн доллардан астам шығын. Алайда Uniqlo жетекшісі үшін уәде мен бедел қаржыны жоғалтудан да маңызды болып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары