Былтыр 123 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерд. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz сілтеме жасап.
Отбасылық өмірге қадам басқандардың дені жаз айларында жұптасуды жөн көрген екен. Мәселен, маусымда 11, шілдеде 13, тамызда 12 мың қыз-жігіт неке қиған.
Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ бюро қызметкерлері ажырасқандар жайында да ақпарат таратты. Айтайық, былтыр 40 мың отбасы ажырасқан. Тұрмыста тіл табыса алмағандардың ішінде қалалықтардың қатары қалың.
Ажырасудың мың адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 2 пайыздан асады. Маусым – 11 675 Шілде – 13 739 Тамыз – 12 936 Қала - 30,1 мың Ауыл - 10,4 мың.