"250 мың теңге алған": TikTok арқылы "болашағыңды болжаймын" деген астаналық қамауға алынды

"250 мың теңге алған": TikTok арқылы "болашағыңды болжаймын" деген астаналық қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Астанадағы Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзін «көріпкелмін», «болашағыңды болжаймын» деп таныстырып, TikTok әлеуметтік желісінде жарнама жариялап, азаматтарды алдап келген.

Күдікті азамат екі эпизод бойынша алаяқтық әрекеттер жасаған. Бірінші жағдайда, ол азаматқа жалған қызмет көрсетемін деп 250 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Ақшаны жәбірленуші күдіктіге жеке есепшотына аударған, бірақ күдікті ақшаны қайтармаған. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. 

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды күмәнді тұлғалар мен жалған «көріпкелдерге» сенбеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары