"Жігіттер тобының" мүшесі Бағлан Әбдірайымов 20 жыл бұрын әріптесі Ердос Қанаевтың оларды алдағанын еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Төртеуіміз – студентпіз. Сосын Серік Шалбаев деген біздің проректор болған ол кезде. Кешкісін бір тойға баруымыз керек болған. Ердос жоқ. Үйіне барамыз, таппаймыз. Анда барамыз жоқ. Шымкентте counter-strike ойнайтынбыз. Түнімен сол жерде жүретінбіз. Таппай қалдық. Той өтті. Үшеуіміз барып өлең айттық. Ол кезде Еркін бар еді ғой. Үшеуіміз әбден ұрыс естідік. Той бітіп, түнгі бір жарымда counter-strike ойнайтын жерде үшеуіміз ойнап отырсақ, терезенің ар жағында Елдос бүйтіп қарап тұр. "Қай жақта жүрсің?" десек, "Әжем қайтыс болып еді" дейді. Еркін тұрып "Құры-ей, мен сенің әжеңді танимын ғой", дейді, – деп еске алды әнші Хабар арнасына берген сұхбатында.