Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев 34 жасында кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
Бұл шешімнің себебі – Павлодардың «Ертіс» клубында ойнап жүрген кезінде алған ауыр тізе жарақаты.
Бұл жарақат ота жасауды және ұзақ уақыт қалпына келтіруді талап етеді. Алайда Сүйімбаев күрделі реабилитациялық процестен өтуге шешім қабылдамай, мансабын аяқтауды жөн деп тапты.
Айта кетейік, ол өз мансабында Сүйімбаев «Ордабасы», «Қайрат», «Ақсу» және «Ертіс» клубтарында 338 матч өткізіп, 17 гол соққан. Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында 42 матч өткізіп, 4 гол соқты. «Ордабасы» командасында ол 189 матч өткізіп, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналған.