Орал тұрғыны бақшасында есірткі өсірген

/
Орал тұрғыны бақшасында есірткі өсірген
polisia.kz

Оралда полицейлер есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Орал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан есірткі заттары бар деген күдікпен өсірілген өсімдіктер орналасқан екі жылыжайды анықтады.

55 жастағы жергілікті тұрғын жылыжайларда заңсыз өсімдіктер өсіріп келген. Барлығы 37 түп өсімдік тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары