Ақтауда сатушы әйелді спирттік ішімдік сатудан бас тартқаны үшін соққыға жықты (ВИДЕО)

/
Ақтауда сатушы әйелді спирттік ішімдік сатудан бас тартқаны үшін соққыға жықты (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Әлеуметтік желілерде ер адамның кассада тұрған сатушы әйелді ұрған сәті түсірілген видео тарады. Оқиға басқа сатып алушылардың көзінше болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйел касса маңында тұрып, ер адамға бірдеңе түсіндіріп жатқаны көрінеді. Бір сәтте сатып алушы ашуға мініп, әйелдің бетіне жұдырықпен соққы жасайды. Сатушы соққыдан теңселіп кетсе де, тізе бүкпей тұрып қалады.

Әлеуметтік желідегі ақпараттарға қарағанда, оқиға Ақтаудың 27-шағын ауданындағы дүкендердің бірінде болған.

Желі қолданушылары шабуыл жасаған адамның әрекетіне ғана емес, жанында тұрған ер адамдардың ешқандай әрекет етпегеніне де ашулы.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жанжал түнгі 23:00-ден кейін алкоголь сатып алуға талпыныс кезінде туған. Бұл уақытта спирттік ішімдік сату заңмен тыйым салынған.

"Күдікті ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Tengrinews.kz таратқан полиция мәлімдемесінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары