«Запастағы аға лейтенант»: Бакуде ер адам өз көлігін өртеп жіберді

/
«Запастағы аға лейтенант»: Бакуде ер адам өз көлігін өртеп жіберді

Бакуде ер адам қарызын қайтара алмағандықтан өз көлігін өртеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам бір жыл бұрын Fiat Doblo маркалы автокөлікті 7 000 манатқа сатып алған. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты қалған 1 000 манат қарызын қайтара алмаған. Үмітін үзген ер адам көлігіне бензин шашып, өртеп жіберген. Өрт салдарынан көлік толық жанып кеткен.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің қызметкері Эльбрус Ибрагимов oxu.az сайтына берген түсініктемесінде полиция әлеуметтік желілерде тараған көліктің өртенуіне қатысты бейнематериалдарды тексергенін, оқиға 11 мамыр күні Бакудің Хазар ауданында болғанын мәлімдеді.

"Оқиғаны жасаған күдікті – М.Эфендиев анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оның бір жыл бұрын сатып алған Fiat Doblo көлігін бұрынғы иесіне 1 000 манат берешегін қайтара алмағандықтан әдейі өртегені белгілі болды. Аталған дерек бойынша тергеу Хазар аудандық полиция басқармасының №1 бөлімінде жалғасып жатыр", – деді Э.Ибрагимов.

Айта кетейік, Мурад Эфендиев запастағы аға лейтенант болып шыққан,

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары