Шымкентте бауырымен жорғалаушылар түрғындардың үйіне кіріп, бір баланы жылан шағып алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Жыландар шымкенттіктердің үй-жайы мен көліктеріне кіріп, жорғалай бастады. Құтқарушылар жыланды ұстап, қала шетіне тасып жатыр.
"Былтыр осы кезде 16 шақырту түссе, биыл қазірдің өзінде құтқару қызметіне 25 рет қоңырау шалынған. Жыландар тек үйде емес, аулалар мен автокөліктерге жасырылған", - делінген дереккөзде.
Мамандар улы болмаса да жылан шағып алса түбі өлімге әкелуі мүмкін дейді. Ресми ақпаратқа қарағанда, қалада бір баланы жылап шағып, ауруханаға түскен.