Танымал әнші Ерке Есмахан желі қолданушылары жүрек жарды лебізін жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі өзін «мақтаншақ» санайтындарға жауап берді.
«Мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтанышақтыққа жататын шығар. Бірақ, ол менің күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла.», - деді Ерке Есмахан.