Сағынғали Жантөре – таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

/
Сағынғали Жантөре – таеквондодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
коллаж: turkystan.kz

Таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті, деп хабарлады turkystan.kz. 

65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті. 

Сондай-ақ, жарыстың үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты. Жасөспірім қыздар Алла Цой (-47 кг) мен Аида Гожалимова (-51 кг) Фуджейрадағы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (-61 кг) әлем біріншілігінде топ жарған болатын. 

Әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары