Air Astana әуе компаниясы Дели мен Мумбайға тікелей рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы КС 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта жандандырады. Сондай-ақ 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша ұша бастайды», - делінген компания хабарламасында.